Геннадий Головкин WADA президентімен ресми кездесу өткізді

2 298

Фото: ҰОКҚазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінде Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Банькамен ресми кездесу өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Кездесуге ҚР ҰОК президенті Геннадий Головкин, бас хатшы Әлімжан Ақаев, Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығының директоры Майра Бақашева қатысты.

Іс-шараға сонымен қатар ҰОК-тың жалпы мәселелер жөніндегі вице-президенті, Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджи Гаджиев, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президент, Қазақстан бокс федерациясының басшысы Шахмұрат Мүтәліп, таеквондо федерациясының президенті Құдірет Шәмиев, Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы, Қазақстан су спорты түрлері федерациясының бас хатшысы Дмитрий Баландин, дзюдо федерациясының бас хатшысы Тимур Болат және шайбалы хоккей федерациясының бас директоры Сәкен Мұсайбеков қатысты.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.