Әлем чемпионы атанған қазақ балуанына бір үйір жылқы сыйға берілді

2 017

Фото: UWWГрек-рим күресінен Афинада өткен әлем чемпионатында 17 жасқа дейінгі санатта Жаңажол Қуанышбек финалда қырғыз балуаны Нұркерім Құмарбековті 8:7 есебімен жеңіп, алтын медаль иеленген еді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жас чемпионға Ақтөбе облысындағы ел ағалары атынан бір үйір жылқы тарту етілді. 

Қуанышбек қазіргі таңда Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы олимпиадалық дайындық орталығында жаттығады. Бапкерлер оның болашағынан зор үміт күтеді.

Бұған дейін Жаңажол Азия чемпионатында да топ жарып, ел намысын лайықты қорғаған болатын.

Айта кетейік, Афинада өткен байрақты додада Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, бір алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды. Осы нәтижемен жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы үшінші орынға ие болды. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.