Азия ойындарында Қазақстан құрамасы медаль саны бойынша 9-орынға табан тіреді

2 233

Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан медаль саны бойынша алғашқы ондыққа енді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстан бұған дейін 11-орында тұрған еді. Алайда спортшылардың оң нәтижесінен кейін бірден 3 сатыға жоғарылады. 


Азиадада Аян Бейсенбаев триатлоннан қола медаль иегері атанды. 


Бейсенбаевтың жүзуден 1500 метрді бағындырып, велоэтаппен 40 шақырым жүріп өтіп, 10 км жүгіріп шыққандағы уақыты  1:52:25. Байрақты бәсекеде алтын медальді жапондық спортшы Кенжи Ненер (1:50:54) алды, сондай-ақ күміс медаль да Жапониядан келген спортшы Макого  Одакураға(1:51:49) бұйырды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.