Назым Қызайбай мен Төрехан Сабырхан ел чемпионатының ең үздік боксшысы атанды

2 689

Фото: ҰОКПариж олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай мен Төрехан Сабырхан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанып қана қоймай, жарыстың үздік боксшысы болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бокстан жастар арасындағы Қазақстан құрамасының капитаны Төрехан Сабырхан мен Париж олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай ел чемпионатының үздік боксшысы атанды. Төрехан 67 келі салмақта қарсылас шақ келтірмей, 18 жасында ересектер арасындағы алғашқы жарысында топ жарды. Ал Назым 48 келі салмақта жұдырықтасып, барлық қарсыласының мысын басып, ел чемпионатының жеңімпазы атанды. Осылайша, Төрехан мен Назым ел біріншілігінің жеңімпазы мен үздік боксшылары атағына ие болды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.