Төрешілерге арналған тренинг ұйымдастырылады

584

Фото: pixabay.com11-15 маусым аралығында Алматыда жеңіл атлетикадан спорт төрешілеріне арналған TOECS (Technical Officials Education and Certification System) халықаралық сертификаттау бағдарламасы бойынша курстар өтеді.

Бұл тренинг Ғұсман Қосановтың  «ХХХ Қосанов - 2021» мемориалына және Нұр-Сұлтанда 2022 жылы өтетін Азия Чемпионатына дайындық кезеңдерінің бірі болып саналады. 

Курстарға барлығы 40 адам қатысады.

Дәріс берушілер Федерацияның төрешілер жүйесінің жетекшісі Ольга Устьянцева және Беларуссия жеңіл атлетика федерациясының спорттық директоры Надежда Бут-Гусаим болады. Курстардың қорытындысы бойынша тестілеуден өткен барлық қатысушыларға тиісті сертификаттар беріледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.