Головкин үшінші жекпе-жегі өтетін Лас-Вегас қаласына келді

614

Фото: https://www.instagram.com/gggboxing/Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өз командасымен бірге Лас-Вегасқа келді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

«Вегастамыз. Жекпе-жек аптасына дайынбыз», – деп жазды Г.Головкин Facebook-тегі жеке парақшасында.


Айта кетейік, Головкин мен «Канело» арасындағы үшінші жекпе-жек T-Mobile Arena сарайында өтеді. Бұл жекпе-жекте супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы бәске тігіледі.


Қазақстан уақыты бойынша кездесу 18 қыркүйек күні таңғы сағат 05.00-де басталады. Басты шешуші айқас шамамен сағат 8:00-де болады. Елімізде тікелей трансляцияны «Qazsport» телеарнасы жүргізеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.