Қазақстан спортшылары стенд атудан Азия кубогінде алты алтын медаль алды

2 184

Фото: ҚР ҰОКАлматы облысында өтіп жатқан стенд атудан Азия кубогі өз мәресіне жетті. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Додада Қазақстан командасы алты алтын және бес қола медаль еншіледі. Оның ішінде Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко, Никита Моисеев (жасөспірімдер арасында), сонымен бірге әйелдер, ерлер және аралас командалар (скит) топ жарды.

Ал күміс жүлдені Алишер Айсалбаев, трап және дубль-траптан ерлер командасы жеңіп алды.

Үшінші орынға Марк Почивалов (трап), Давид Почивалов (скит), Айжан Досмағамбетова, Владлен Калимулин және әйелдер командасы (трап) табан тіреді.

Стенд атудан Алматы облысында өткен Азия кубогінде қазақстандық мергендер тағы бес алтын жеңіп алған болатын. «Скит» бағдарламасы бойынша Қазақстан командасы 5 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль еншіледі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.