Киберспортшының Неймармен фотосы әлеуметтік желіні шулатты

2 507

Фото: ©danil.molodoy_ парақшасынанҚазақстандық киберспортшы Неймармен түскен суреттерін жариялап, желіні шулатты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі El.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко әлемдік футбол жұлдызы Неймармен кездесіп, бұл сәттің фотоларын әлеуметтік желіде жариялады. molodoy лақап атымен танымал ойыншының жазбасы бірден көпшіліктің назарын аударған.

Кадрларда Данил «Сантос» клубының эмблемасы бар поло жейдесін киіп түскен. Ал суреттердің бірінде ол Неймармен бірге қабырғада ілулі тұрған Лионель Мессидің Аргентина құрамасындағы жейдесінің жанында түскен. Бұл көрініс жанкүйерлер үшін ерекше символикалық мәнге ие болған. Желі қолданушылары бұл кездесуге түрлі пікір білдірген. Пікірлер арасында «Біз күткен кездесу», «Жасанды интеллект жасаған ба?» деген әзіл аралас жазбалар да, «Қазақ пен бразиль бір туған», «Жарайсың, Данил!» деген қолдау сөздер жазған. Сонымен қатар жазбаға бразилиялық жанкүйерлер де пікір қалдырып, қазақстандық ойыншыға қызығушылық танытқан.