«Ақжайық» ойыншылары чемпионат матчына қатысудан бас тартты

2 524

Фото: instagram.com/fcakzhayik«Ақжайық» футбол клубының ойыншылары чемпионат матчына қатысудан бас тартты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бірінші лигада өнер көрсететін оралдықтар бүгін Ақтөбеде жергілікті «Ақтөбе Жас»» командасымен ойнауы керек еді.


«Ақжайық» футбол клубының директоры Манарбек Ержанов әлі күнге дейін қаржы бөлінбегендіктен, ойыншылардың осындай қадамға барғандығын айтты. 


Футболшылар облыс әкімдігіне барып, бес-алты ай бойы жалақы алмағандықтан, қиын жағдайда қалғандығын жеткізді.


БҚО әкімінің жақында тағайындалған орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев мәселені зерттеу үшін өзіне уақыт керектігін білдірді.


«Ақжайық» турнир кестесінде небәрі 6 ұпаймен 15-орында келеді. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.