Жеңіл атлетикадан Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті

2 521

Фото: kazsports.kzИранда өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық кешендегі XI Азия чемпионатының екінші күнінде Қазақстан қоржыны 3 медальмен толықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Биіктікке секіруде қазақстандық атлет Елизавета Матвеева 1.86 метрді бағындырып, алтын медаль иеленді. Өткен жылы Астанадағы бәсекеде Елизавета 2-орыннан көрінген еді. 


Сондай-ақ 60 метрге жүгіруде Ольга Сафронова (7.35 секунд) мәреге екінші болып жетіп, күміс жүлдегер атанды. Ол былтыр Астанада өткен Азия чемпионатында да осы қашықтықта күміс медальге ие болған еді. 


Сондай-ақ үш қарқып секіру сайысында Мария Ефремова (13.48 метр) қола жүлде еншіледі. Қазір Қазақстан құрамасында 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль бар. Алғашқы жарыс күнінде ел қоржынына 3 жүлде түскен еді. 60 метрге кедергілермен жүгіруде Давид Ефремов 7,60 секунд уақыт көрсеткішімен бірінші орын алса, ядро лақтыру сайысында Иван Иванов 19,08 метр нәтижесімен күміс медаль иеленді. Ал Аяна Болатбекқызы 1500 метрді 4:37.20 уақытта жүгіріп өтіп, қола жүлде олжалады. 


Бұл жарысқа Қазақстан атынан 29 атлет қатысып жатыр. Чемпионат 19 ақпанға дейін жалғасады.