Бибісара Асаубаева шахматтан әлем үздіктерін жеңді

2 507

Фото: 24 kzБибісара Асаубаева жеңіске жетті.Бибісара әлем үздіктерін жеңіп, тағы да өз мықтылығын дәлелдеді, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Францияның Сен-Тропе қаласында шахматтан әйелдер арасындағы супер турнир өтті. Оған қазақстандық Бибісара Асаубаева да қатысты. 

Ол рапид бағытындағы бәсекенің іріктеу кезеңдерінде германиялық, грузиялық, нидерландылық және үндістандық спортшылардан басым түсті. Ал финалда украиналық Мария Музычукты ұтты. Осылайша, Бибісара Асаубаева өз кәсіпқой мансабында кезекті жарқын жеңісіне қол жеткізді. Енді ол бүгін блиц бағытында да бақ сынап, бір жарыстан қос алтынмен оралуға тырысады. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.