Көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты: Командалық сын қорытындысы

251
Павлодарда көркем гимнастикадан Қазақстан біріншілігі өтіп жатыр. 

Ел біріншілігіндегі алтын жүлдені Нұр-Сұлтан командасы еншіледі. Елордалықтар 664.600 ұпай жинады.


Екінші орында Шымкент командасы орналасқан. Шымкенттіктер 604.400 ұпай иеленген.


Үздік үштікті 539.000 ұпай жинаған Шығыс Қазақстан облысының командасы тұйықтады. Турнирге әр команда сапынан он спортшыдан қатысуда.