Қазақстандық боксшының жұбайына қатысты іс қозғалды

2 509

Фото: ©1bol.kzҚарағанды қаласында екі жергілікті тұрғын Олимпиада чемпионы, белгілі боксшы Данияр Елеусіновтың жұбайымен болған жанжалға байланысты полицияға арызданды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі  Sn.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдердің айтуынша, спортшының жұбайы Майқұдықтағы олардың пәтеріне келіп, өзінің атасына қатысты мәселе бойынша наразылық білдірген. Сөзге келу барысында олардың бірі өзіне қол көтеріліп, шашынан тартылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ жанжалға әйелдің атасы да араласқанын алға тартқан. 

"Ол мені қорлап негізсіз айыптар тақты. Біз ештеңені түсінбедік. Ол мені екі рет ішімнен ұрып, шашымнан жұлды. Сол кезде әкесі жүгіріп келіп, анама жұдырық ала жүгірді", – деді Жабықбаева.

Оқиғаға байланысты екі тарап та құқық қорғау органдарына жүгінген. Ал боксшының жұбайы өзіне тағылған айыптауларды жоққа шығарып, бұл жағдай танымал спортшының есімін пайдаланып, қоғам назарын аударуға жасалған әрекет болуы мүмкін екенін айтқан. Қарағанды облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.