Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін Словениямен кездеседі

2 174

Фото: Қазақстан хоккей федерациясыБүгін шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты IIA дивизионында бесінші ойынын Словенияға қарсы өткізеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Кездесу Қазақстан уақытымен 17:00–де басталады. Алғашқы төрт турдан кейін Италия 12 ұпаймен көш асына шықса, Латвия — 9, Ұлыбритания — 7, Оңтүстік Корея — 5, Қазақстан — 3 ұпай еншілеген. Әзірге Словенияның қоржыны бос.

Сондай-ақ бүгін аталған топта Оңтүстік Корея мен Латвия, Италия мен Ұлыбритания шеберлік байқасады. IA дивизионына жалғыз жолдама беріледі.  Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионаты IA дивизионында 2005, 2007, 2009, 2024 жылдарда бақ сынаған еді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.