Отандық теннисші Ұлыбританиядағы турнирдің финалында бой көрсетті

1 340

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Недовесов Илкли челленджер турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген А.Недовесов пен эквадорлық Гонсало Эскобар әуелі аустралиялықтар Эндрю Харрис – Люк Сэвилді 6:2, 6:4 есебімен тізе бүктірді.


Қазақстандық-эквадорлық дуэт ширек финалда германиялықтар Константин Францен – Хендрик Йебенспен шеберлік байқасты.


А.Недовесов – Г.Эскобар 6:4, 3:6, 10:4 есебімен жеңді.


Александр мен Гонсало жартылай финалда бельгиялықтар Зизу Бергс – Йорис де Лоремен кездесті.


Бірінші партияда бельгиялық жұп тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (7:3).


Екінші сетте есеп 5:5 болған мезетте қазақстандық-эквадорлық жұп брейк жасап, сосын өз геймдерін алды – 7:5. Содан кейін супер тай-брейкте мүмкіндіктерін жіберген жоқ – 10:5.


Екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында А.Недовесов – Г.Эскобар 5 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды.


Александр Недовесов пен Гонсало Эскобар финалда доданың 3-ракеткалары, америкалық Роберт Гэллоуэй – аустралиялық Джон Патрик Смитпен бас жүлдені сарапқа салады.


Қазақстанның әйелдер арасында жұптық сындағы бірінші, әлемнің 24-ракеткасы Анна Данилина Берлин WTA 500 турнирінің жартылай финалына шыға алмады.


Қазақстандық-қытайлық жұп ширек финалда чехиялықтар Катерина Синякова – Маркета Вондрусоваға есе жіберді – 6:3, 5:7, 7:10.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның жұптық сында Берлин турнирінің ширек финалына өткенін жазған болатынбыз.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.