17 жастағы қазақстандық садақшы Азия чемпионы атанды

2 503

Садақ атудан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Андрей Тютюн Бангкок қаласында (Таиланд) өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ақмола облысының 17 жасар садақшысы ақтық жарыста Оңтүстік Корея спортшысы Ким Джонходан басым түскен. Олар құрама садақ ату бағдарламасы бойынша сайысқа түсіп, жеңіс қазақстандық спортшыға бұйырды (146:144). Андрей ауа райының қолайсыздығына қарамастан дәл көздеп, Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды.


Ерлер командасы классикалық садақ атудан да екінші орынды иеленді. Бұл жарыста да Оңтүстік Кореяның садақшылары тағы үздік болды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.