«Жетісу» футболшылары Көкшетаудағы киім ауыстыратын бөлмені қиратып кеткен

2 517

Фото:© Видеодан скринАлаңда шамасы жетпеген ойыншылар бар ашуын стадиондағы қонақтарға арналған киім ауыстыратын бөлмеден алып, мүлікті қиратып кеткен,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан Премьер-лигасының 18-турында Көкшетаудың «Оқжетпесінен» 2:0 есебімен ұтылған Талдықорғанның «Жетісу» футболшылары жеңілісті көтере алмай, сорақы әрекетке барған. Алаңда шамасы жетпеген ойыншылар бар ашуын стадиондағы қонақтарға арналған киім ауыстыратын бөлмеден алып, мүлікті қиратып кеткен. Тараған кадрлардан қабырғалар мен есіктердің тесіліп, бүлінгенін анық көруге болады.

 Ойын ережесі бойынша жеңіліс те спорттың бір бөлігі болғанымен, бұл қылықты ешқандай эмоциямен ақтап алу мүмкін емес. Бұл матчтан кейін тиісті үш ұпайын еншілеген «Оқжетпес» турнир кестесінде 30 ұпаймен үшінші орынға көтерілген. Ал спорттық әдепті ұмытқан «Жетісу» клубының өкілдері енді алаңдағы жеңілісі үшін де, келтірілген шығын үшін де жауап беруі тиіс.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.