Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатын сенімді жеңіспен бастады

2 284

Фото: zhaikpress.kzҚазақстандық былғары қолғап шебері Санжар Тәшкенбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Санжар Тәшкенбай 50 келіге дейінгі салмақта Хутайфа Эшишпен (Иордания) кездесті.

ҚР ҰОК мәліметінше, бірінші раунд тең дәрежеде өтті. Дегенмен отандасымыз екінші және үшінші үш минуттықта жеңісті суырып алды.

Енді Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) жартылай финалға шығу үшін сынға түседі.

Ширек финалдық кездесу 12 қыркүйек өтеді. Қарсылас - Жадумани Сингх Манденгбам (Үндістан).

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.