Стенд атудан Азия чемпионатында еліміздің қоржынына 11 медаль түсті

469

 Фото: Prosports.kz.Алматыда қаласындағы стенд атудан Азия чемпионатында  спортшыларымыз 11 медаль иеленді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Олардың барлығы «трап» жаттығуынан жеңіске жетті. Жекелей сында Сәрсенкүл Рысбекова үшінші болды. Жасөспірімдер арасындағы жарыста Максим Бедарев жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінді. 


Алтын медальді Анита Нұрланова қанжығасына байлады. Наргиза Сарманова екінші, Анастасия Прилепина үшінші болды. Жасөспірімдер арасында командалық есепте біздің спортшылар чемпион атанды. «Трап/микс» аралас жаттығуында Мария Дмитриенко мен Викторя Хасянов күміс медаль иеленді. 


Бағдарламаның бұл түрінен жасөспірімдер арасында Анастасия Прилепина мен Богдан Конченко бірінші болып, Мария Мартинкевич/Никита Моисеев дуэті «күміс» жеңіп алды. Әйелдер арасындағы командалық есепте Қазақстан құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді. Жасөспірімдер өз кезегінде бірінші болды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.