Елена Рыбакина WTA маусымдық финалының жартылай финалына шықты

2 503

 Фото:championat.comҚазақстанның бірінші, әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина WTA маусымдық финалында жартылай финалға жолдама алып, тарихи нәтижеге қол жеткізді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы маусымдық финалдың жүлде қоры рекордтық 15,5 миллион долларды құрайды. Ережеге сәйкес, жартылай финалға шыққан спортшы 1,29 миллион доллар, ал чемпион атанған теннисші 2,54 миллион доллар алады. Турнир жеңімпазының жалпы табысы 5,235 миллион долларға дейін жетуі мүмкін.

Қазіргі уақытта Рыбакинаның табысы 1,5 миллион долларды құрап отыр: ол турнирге қатысу үшін 340 мың доллар, ал топтық кезеңдегі екі жеңісі үшін 710 мың доллар иеленді. Осы нәтижемен Елена Рыбакина Қазақстан тарихында WTA маусымдық финалының жекелей сынында бақ сынаған алғашқы спортшы атанды.