RUB (+0.03) 7.96 KZT
USD (-1.36) 476.62 KZT
EUR (-3.40) 485.53 KZT
Спорт
246

Теннистен Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингтің үздік ондығына кірді

Қазақстанның әйелдер ұлттық құрамасы жаңартылған Билли Джин Кинг кубогының рейтингінде 16-орыннан 9-орынға көтерілді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Қазақстан теннис федерациясының (ҚТК) баспасөз қызметі.

Қазақстан құрамасы Ресей, Германия, Италия, Румыния, Бельгия, Польша елдерінің командаларын басып озды. Қазақстандықтар сәуір айында командалық әлем чемпионаты біліктілігінде Германия командасын 3:1 есебімен жеңіп, биыл қарашада өтетін турнирдің финалдық раундына шықты. 

Әлемдік рейтингтің көшбасшысы - Аустралия құрамасы.
Billie Jean King Cup-тің ондығы:
1. Аустралия - 1002, 71;
2. Франция - 885, 6;
3. Испания - 884, 62;
4. Чехия - 842,92;
5. Швейцария - 881, 81;
6. Канада - 780, 09;
7. АҚШ - 758, 09;
8. Словакия - 744, 23;
9. Қазақстан - 704,75;
10. Германия - 702,52.