Отандық жас теннисшілер Қырғызстандағы турнирде үздік атанды

1 682

Қазақстандық жас теннисшілер Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында жасөспірімдер арасында өткен ITF Juniors J60 турнирінде топ жарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, жұптық сында Іңкәр Дүйсебай мен Дамир Қалдыбеков үздік шығып, чемпион атанды.


Іңкәр ресейлік Екатерина Ходжаевамен бірге финалда қазақстандықтар Әдемі Аманкелді - Сати Әубәкірованы ұтты - 6:2, 7:5.


Дамир ресейлік Макар Кривочехоапен бірге соңғы бәсекеде өзбекстандықтар Ильос Аброров - Бекзод Нематовты қапы қалдырды - 6:3, 3:6, 10:6.


Жекелей сында Жақас Қозыбақ финалға дейін жетіп, жарыстың үшінші ракеткасы, үндістандық Райан Кутхратқа жол берді - 5:7, 1:6.


Қыздар арасында Анастасия Крымкова титул үшін матчта Е.Ходжаевадан ұтылды - 1:6, 4:6.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.