Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Пекиндегі жеңілістен кейін үзіліс алатынын мәлімдеді

2 505

Фото: instagram/lenarybakinaҚазақстанның бірінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Пекиндегі WTA 1000 санатындағы China Open турнирінің екінші айналымында күтпеген жеңілісі және алдағы жоспары туралы айтты, - деп  хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Рыбакина турнирде әлемнің бірінші ракеткасы ретінде дебют жасап, Арменияның 118-ракеткасы Алина Чараевамен кездесті.

Бірінші сетте Рыбакина 6:3 есебімен жеңіске жетті. Алайда кейінгі екі сетте Чараева басым түсіп, 6:4 және 6:3 есебімен жеңді. Кездесу 2 сағат 12 минутқа созылды.

"Корттағы ойын өте ауыр өтті. US Open турниріндегі жеңістен кейін көп жағдай болды, салдарынан дұрыс ұйықтап, қалыпқа келуге уақыт болмады. Алинаны жеңісімен құттықтаймын, ол керемет матч өткізді. Ойынның соңына қарай аяғымда аздап жайсыздық болдық. Сондықтан қалпыма келу үшін үзіліс жасап, алдағы бірнеше аптадағы жарыс кестем қалай болатынын қарауым керек. Барлық жанкүйерлерге қолдаулары үшін рақмет. Келесі жылы Пекинде кездескенше", – деді Елена баспасөз мәслихатында.

Қазақстандық теннисші бір апта демалып, содан кейін жарыстарға қайта оралуды жоспарлап отыр. Айтуынша, бір апта демалып, аяғы толық қалпына келеді деп үміттенетінін жеткізді. Сондай-ақ  2026 жылғы маусымды аяқтау үшін қалған турнирлерде өнер көрсетуді жоспарлап отыр. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.