Айдос Ербосынұлы даңқты жаттықтырушының залында дайындалып жатыр

335

Фото: Prosports.kz.Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегіне Лос-Анджелесте (Калифорния, АҚШ) дайындалып жатыр.

Спортшы инстаграм елісіндегі парақшасында жаттығу сәтінен видео жариялады. Айдос АҚШ-та белгілі маман Джеймс «Бадди» МакГирттің жетекшілігімен жаттығу өткізеді.

Қорытынды спаррингтерді боксшы даңқты жаттықтырушы Фредди Роучтың залында өткізді. 

«Әлемнің ең үздік бапкерінің бірі, Фредди Роучтың залында бүгін АҚШтағы осы жекпе-жекке дайындығымыздың, ақырғы спарингін өткіздік. Жалпы Лос Анджелес қаласындағы дайындық жұмыстары ойдағыдай өтті, әльхамдулиллаһ», - деп жазды боксшы.

Айдос Ербосынұлы мен Евгений Шведенко арасындағы жекпе-жек 17 сәуірде Карлсруэде (Германия) өтеді деп жоспарланған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.