Футболдан Премьер-лига командаларының үшінші туры басталмақ

1 773
Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 3-туры басталады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Аталған тур 14 және 15 наурыз күндері өтеді. Бүгін, 14 наурызда 5 ойын болса, 15 наурызда қалған 2 кездесу белгіленген.

Алдымен 14 наурызда қазанда сағат 19:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Жетісу» (Талдықорған), «Тобыл» (Қостанай) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Қайрат» (Алматы) пен «Каспий» (Ақтау) командалары кездеседі.

Ал 21.00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ақсу» (Павлодар облысы), «Астана» мен «Ақтөбе» жасыл алаңға шығады.

15 наурызда сағат 15:00-де «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Атырау», 17.00-де «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Қызылжар» (Петропавл) ойнайды.