Ұзақ үзілістен соң жарысқа қатысар кезде қатты қобалжыдым

312

Фото: Prosports.kz.Өткен аптада Өзбекстан астанасы Ташкент көркем гимнастикадан әлем кубогі кезеңін қабылдап, Қазақстан атынан Алина Әділханова мен Адиля Тілекенова өнер көрсеткен болатын. Әлемдік турнир аяқталған соң Адиля шағын сұхбат беріп, ұзақ үзілістен кейін оралудың қаншалықты қиын екенін айтты.

«Ташкент қаласын әлем кубогі кезеңін өте жоғары деңгейде ұйымдастырды. Жарыс барлық талаптарға сай өткенін айту керек. Ал өз нәтижеме толығымен көңілім толмайды. Әрдайым жетіле түсу керек, кемелдене түсу керек. Сондықтан, өзіме үнемі сыни көзқараспен қараймын.

Ғаламдық пандемияға байланысты ұзақ уақыт бойы жарысқа қатысқан жоқпыз. Осыншама үзілістен соң
халықаралық турнирге қатысу шынымен де қобалжытады екен. Дегенмен, мұндай жағдайда тез жиналып, өз қалпыма келуіме үнемі бапкерім көмектеседі. Жаттықтырушымның демеуі арқылы бұл қорқынышты да жеңдім.
Әлемдік турнирлердің қайтадан қалпына келіп жатқаны қуантады. Менің ендігі мақсатым – Азия чемпионатында сәтті өнер көрсету», - дейді Тілекенова.

Ташкенттегі әлем кубогі кезеңінде Адиля Тілекенова көпсайыстан 23-ші орын иеленді. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.