Қазақ қыздарының патриоттық қадамы

2 520

фото: instagram.com/qaz_team_officialҚазақстан құрамасының жас ватерполшы қыздары ұйымдастырушылар мемлекеттік әнұранды қоспай қойғаннан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын өздері орындады деп,- хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Тайландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан су добынан 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында спортшы қыздар Мемлекеттік Әнұранды музыкалық сүйемелдеусіз орындады. 

Команда өкілдерінің айтуынша, ұйымдастырушылар қажетті аудиожазба алдын ала берілсе де, оны уақытында қоса алмаған. 

Туындаған кідіріске қарамастан, қыздар абдырамай Қазақстан Респуликасының Мемлекеттік Әнұранын капелла, яғни музыкалық сүйемелдеусіз хормен орындап шықты.