Қанат Ислам WBO International чемпиондық белбеуінен айырылды

304

Орта салмақта өнер көрсететін Қанат Ислам (28-0, 22 КО) WBO International чемпиондық белбеуінен айырылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


BoxRec.com сайтының дерегіне сүйенсек, қазіргі уақытта белбеудің иесі анықталмаған. Қанат Ислам аталмыш белбеуді 2019 жылы намибиялық Уолтер Каутондоквуды (18-2, 17 КО) төрешілер шешімімен жеңген соң иеленген. Бұдан кейін Қанат тек бір ғана кездесу өткізді. Ол биылғы жылдың ақпанында эквадорлық Джейсон Миндуды (14-5-1, 8 КО) нокаутқа түсірген. 

Болжам бойынша Бүкіләлемдік бокс ұйымы белбеуді ұзақ уақыт жекпе-жек өтпегендіктен және чемпиондық атақты қорғамағандықтан қайтарып алған. 

Алдын ала деректер бойынша қазақстандық боксшының келесі кездесуі АҚШ-тың Флорида штатында, Плант-Ситиде 21 қаңтарда өтеді. Әзірге қарсыласының есімі аталмады.