Геннадий Головкиннің есімі әлемдік бокс Даңқ залына енгізілді

2 534

Фото: ҰОКДаңқты боксшы, кәсіпқой бокстағы аңыз спортшы Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына (IBHOF) ресми түрде енгізілді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Орта салмақта WBA, IBF және WBC тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерді ұзақ жылдар бойы қорғаған Головкин әлемдік аренада қазақ боксының беделін асырды. Ол соңғы рет 2022 жылы рингке шыққан.

IBHOF жыл сайын бокста өшпес із қалдырған тұлғаларды марапаттайды. Биыл Головкин «аңыздар» қатарынан орын алып, мұндай құрметке ие болған алғашқы қазақстандық атанды. 

Әуесқой бокста 350 жекпе-жек өткізіп, оның 345-інде жеңіске жеткен Головкин кәсіпқой рингте 45 жекпе-жекте 42 рет жеңіске жетіп, 37 нокаут тіркеген.

Даңқ залы мен мұражайы АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Канастота қаласында орналасқан. Мұнда бокс тарихына есімі алтын әріппен жазылған спортшылардың аты мәңгі сақталады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.