Коронавирустан сақтанған елдердің бірі Олимпиадаға қатысудан бас тартты
212
Гвинея құрамасы коронавирус пандемиясына байланысты Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартты.
"COVID-19 дертін жұқтыру көрсеткішінің көбеюіне байланысты үкімет Гвинея спортшыларының денсаулығына алаңдап, Токио ойындарына қатысуын тоқтату туралы шешім қабылдағанын өкінішпен хабарлайды", - дейді Гвинея құрамасы.
Айта кетсек, 23 шілдеде Жапония астанасы Токиода XXXII жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді.
Коронавирус инфекциясын жұқтырудың алдын алу үшін жарысты ұйымдастырушылар спортшылардың қозғалысын қатаң шектеу қойып отыр. Олардың қозғалысы телефондағы қосымшалар арқылы бақыланады.
Спортшыларға тек арнайы жалға алынған көлік құралдарымен өзі жайғасқан бөлмесі мен спорттық ғимараттар арасында ғана жүруге рұқсат берілген.
Жалпы, 1 шілдеден бастап спортшылар, жеке құрам және делегация мүшелерінің арасында коронавирус жұқтырған 81 адам тіркелген.