Қазақстандық шахматшылар Азия чемпионатында топ жарды

316
2021 жылдың 22-24 қазан аралығында шахматтан жастар арасындағы Азия чемпионаты-2021 онлайн режимінде өтті. Жарысқа 11 қазақстандық шахматшы қатысып, оның ішінде төрт қатысушы жүлделі орындарға ие болды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әйелдер арасындағы ФИДЕ шебері Ксения Балабаева 16 және Елназ Қалиахмет 12 жасқа дейінгі категориялар бойынша Азия чемпионы атанды. Чемпионат жеңімпаздары Алтын сертификаттармен марапатталады.

12 жасқа дейінгі қыздар арасында Нұрсұлу Оразалина Азия Чемпионатының күміс жүлдегері атанса, 10 жасқа дейінгілер арасында Айару Алтынбек екінші жүлдені жеңіп алды. Күміс жүлдегерлерге де Күміс сертификаттар табысталады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.