Бетін тұмшалап алған Данияр Елеусіновтің әйелі жұрттың талқысына түсті
314
Әлеуметтік желіде белгілі спортшы Данияр Елеусіновтің әйелімен түскен суреті қызу талқыланып жатыр. Көпшілік спортшының бетін тұмшалап алған әйелін сынға алды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Суретті спортшы өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялаған.Боксшы парақшасына әйелі екеуінің мешіт алаңында түскен суретін жариялап, "Ораза айт құтты болсын" деп жазған. Суретте спортшының әйелі ұзын көйлек киіп, бетін тұмшалап, яғни никаб киіп алған.
Алайда бұл сурет әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.
Бірі "Не деген сұмдық, қазағымда бұндай болған емес", "Дін десе арабтарға еліктейміз, соларша өмір сүреміз, ислам тек арабқа түскен жоқ", "Жетпегені осы еді, масқара" деп жазса, енді бірі "Осылай жабық киіну керек", "Данияр ешкімді тыңдама" деп ақыл айтып, пікір білдірген.
Енді біреулері дінге қарсы емес екенін, алайда Данияр секілді спортшылардың жастарды тәрбиелеуге үлес қосып жүргенін айтып, сондықтан оған "арабты айналсоқтамай" жүр деп кеңес берген. Оқырмандардың қызу талқысына Даниярдың өзі жауап беріпті. "Ей халайық, менде не шаруаларың бар. Өз өмірлерің керемет болса бұнда жазбас едіңіздер" деп жазған. Сондай-ақ ол әйелінің никаб тақпайтынын айтқан.
Бұл Саудида түскен сурет. Әйелім никаб тақпайды. Негізі бұл жерде масканың орнына таққан. Батыстың киімін күнде киіп жүргендеріңізді ұмытпаңыздар. Бір рет арабтың киімін кигенді көріп қалады екенсіздер,
— деп суреттің астына пікір қалдырған.
— деп суреттің астына пікір қалдырған.
Спортшының бұл суреті Instagram-дағы өзге де парақшаларға таралып жатыр.