«Ауыр жеңіліс болды». Игита Қазақстанның Еуропа чемпионатымен қоштасуы туралы
319
Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы әрі капитаны Игита Еуропа чемпионатының 1/4 финалында Украина құрамасынан жеңілгеніннен кейін өкінішін білдірді,- деп хабарлайды Prosports.kz УЕФА сайтына сілтеме жасап.
«Бұл өте ауыр жеңіліс, бірақ біз Украина мықты команда екенін білдік. Біз бұл матчқа жоғары деңгейде дайындалдық, бірақ жіберіп алғаннан кейін ойын қиындай түсті. Бізге маңызды ойыншыларымыз жетіспеді, бірақ Украинаны құттықтаймыз. Алдағы мақсатымызға көңіл бөлуге тырысамыз. Өмір жалғасады.
Бұлай жеңілу қиын. Менің жасым 35-те және мен өмірімде көп нәрсені бастан өткердім, бірақ екінші жағынан, карьерамның соншама жылдарынан кейін осындай сезімдерді бастан өткергеніме қуаныштымын. Өте өкінішті, өйткені біз көп жұмыс жасадық. Менің карьерам аяқталуға жақын, бірақ бұл турнирде жеңіске жеткім келеді. Әлем біздің айтарлықтай жақсарғанымызды көрсін деп әрқашан жақсы ойынымызды көрсетуге тырысамыз», - деді Игита матч соңында.
1 ақпанға қараған түні Қазақстан құрамасы Амстердамда Украина құрамасынан 3:5 есебімен жеңіліп қалды. Қазақстан құрамасының сапында Дуглас пен Біржан Оразов (екі рет) гол авторлары атанды.