Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы жарыстың ширек финалына өтті

134

Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов АҚШ-та өтіп жатқан Хьюстон ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz"ақпарат агенттігі.

 


Қазақстандық жұп бастапқы кездесуін франциялық Жонатан Эйссерик – нидерландылық Давид Пелмен өткізді.


Бір сағат 47 минутқа созылған тартысты матчта А.Недовесов пен А.Голубев 2:6, 7:6 (7:5), 10:4 есебімен жеңіске жетті. Олар ойын барысында 4 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Қарсыластары 3 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.


Қазақстандықтар жартылай финалға шығу үшін жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген швециялық Андре Горанссон – жапониялық Бен Маклахланмен таласады.


Жалпы жүлде қоры 642 735 АҚШ долларына бағаланған Хьюстон додасы 9 сәуірде мәресіне жетеді.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Чарльстонда әлемнің экс-үшінші ракеткасын жеңгенін жазған болатынбыз.


Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 17-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александровамен шеберлік байқасады.