Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев Сыр еліне оралды
442
Бүгін Қамшыбек Қоңқабаев өзінің туған жері Қызылорда қаласына келді, деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, боксшы Қамшыбек Қоңқабаевты өз жерлестері әуежайдан ыстық ықыласпен күтіп алды.
«Opennews.kz» ақпарат агенттігінің тілшісі спортшыдан Токио олимпиадасынан кейінгі әсерін сұрады.
«Қазақстан тарихында бірінші рет аса ауыр салмақта чемпион болсам деген ниетпен бардым,бірақ бұйырғаны осы қола медаль болды. Ричард Торресс мен үшін өте мықты қарсылас. Жалпы осы жарысқа көп уақыт дайындалдым, бірақ жарыс тез арада өтіп кетті. Болашақта әуесқой бокстан, кәсіпқой боксқа ауысып, арнайы белбеулерді ұтсам деген мақсатым бар», деді боксшы Қамшыбек Қоңқабаев.
Сонымен қатар, әр спортшы жарысқа алтын алсам деген мақсатпен баратындығын, бірақ бұйырғаны болатынын айта кетті. Өзінің туған жерінде арнайы бокс клубы ашылуы керек екенін тілге тиек етті. Ізінен ерген жас боксшыларға мақсат қойып, еңбек етуге шақырды.
Еске сала кетейік, аса ауыр салмақтағы боксшы (+91 кг) Қамшыбек Қоңқабаев- Токиода өткен Олимпиада-2020 ойындарында бокстан Қазақстан құрамасының жетекшісі, Қазақстан Республикасының Туын ұстаушылардың бірі.