Еуроодаққа мүше бірнеше ел тағы бір мемлекетті әлемдік спорттан шеттетуді ұсынды

2 153

Фото: Pixabay.comЕуропалық Одаққа мүше бірқатар ел халықаралық ұйымдардан Израиль спортшыларын жарыстардан шеттетуді талап етпек, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі РБК-ға сілтеме жасап.

ЕО елдерінің талабы туралы израильдік Ynet порталы мәлім етті, РБК мақаланың аудармасын ұсынды.

Порталдың хабарлауынша, Таяу Шығыстағы соңғы оқиғалар аясында Испания, Бельгия және Скандинавия елдерін қоса алғанда, бірнеше батыс елі Израиль спортына қатысты қатаң шаралар қабылдауға шақырды.

Деcе де, УЕФА, ФИФА және FIBA сияқты халықаралық спорт қауымдастықтары бұл мәселе бойынша оларға сұрау келіп түскен-түспегенін растамаған.

Алайда күні кеше Испания премьер-министрі Педро Санчес Газа секторына басып кірген Израильге де Ресейге қатысты қабылданған шаралар сияқты "Еуровидение" байқауына қатысуға тыйым салу керек еді деп мәлімдеді.