Қуат Хамитов атақты дағыстандық спортшымен жекпе-жек өткізеді

2 229

Фото: AMC Fight NightsҚазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Қуат Хамитов кезекті рет кәсіпқой бокстың шаршы алаңына шығады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

“Найман” лақап атымен танылған танымал аралас жекпе-жек майталманы Қуат Хамитов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізеді. Ол 27 желтоқсан күні өтетін AllStarsBoxing кешінде танымал дағыстандық спортшы Мариф Пираевке қарсы жұдырықтасады. Қос спортшы да ММА спортының өкілі болса да, бокс ережесімен жекпе-жек өткізуге келісімін берген. Бұған дейін екеуі ММА спортында жекпе-жекке шығып, Мариф Пираев жеңіске жеткен еді. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.