Әлем чемпионатына бокстан ел құрамасынан кімдер сынға түспек?

2 040

Фото: sports.kzБүгін, 12 наурызда Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының төртінші жарыс күнінде ел құрамасынан төрт боксшы сынға түседі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Фото: sports.kz

Алдымен күндізгі сессияда Назым Қызайбай (48 келі) словакиялық Николь Дуриковамен кездессе, одан кейін Карина Ибрагимова (57 келі) колумбиялық Валерия Арболеда, Надежда Рябец (75 келі) Сьерра-Леоне өкілі Коромамен шаршы алаңға шығады. Ал Наталья Богданова (70 келі) кешкі сессияда испаниялық Мас Мартинезбен қолғап түйістіреді.

Бұдан бұрын Алуа Балқыбекова (50 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Жасмин Қизатова (66 келі) ¼ финалға жолдама алды.

Сондай-ақ алғашқы жекпе-жегінде өзбекстандық Олтиной Сотимбоеваны тізе бүктірген Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) енді 13 наурыз күні сербиялық Сара Милковичпен кездеседі.


Әлем чемпионатында 9-13 наурыз аралығында іріктеу айналымы өтсе, жартылай финал 14 наурызға белгіленген. Ал финал 16 наурызда болады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.