Ертіс футбол командасы төрт жылдық үзілістен кейін алғашқы ресми матчын өткізеді
Қазақстан кубогы үшін өтетін ойында алматылық «Хан Тәңірі» командасы қарсылас атанып отыр. Клуб сапында Премьер-лигада ойнаған футболшылар өнер көрсетеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Pavlodarnews.kz хабарлағандай, бүгін сағат 16.00-де Шымкенттегі «Биік» спорт кешенінде «Ертіс» пен «Хат тәңірі» командалары кездеседі.
Төрт жылдық үзілістен соң қайта жаңғырған павлодарлық футбол клубы тұңғыш ресми матчын өткізеді.
2024 жылғы Қазақстан Кубогіндегі жарыс аталған қос команданың кездесумен басталады. Олардан өзге «А» тобында көкшетаулық «Оқжетпес» пен тағы бір алматылық ұжым «AKAS» ойнайды.
Кездесу көрсетілімін Q Football/Q Arena телеарнасы немесе QFL.KZ сайтынан көруге болады.
«Ертіс» командасы соңғы рет ресми мачты 2020 жылдың 14 наурызында, Премьер-лиганың екінші туры аясында «Қызылжармен» өткізген еді.