Софья Берульцева әлем чемпионатында ел қоржынына күміс жүлде салды
Каратэші Софья Берульцева Каирде өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Плей-офф кезеңінде ол Италиядан келген Клио Ферракутиді жеңіп, ширек финалда Нидерланд өкілі Ингрид Крименсті жарыс жолынан шығарды. Жартылай финалда Англия каратэшісі Рошель Уолтерсті тізе бүктірсе, ақтық сында неміс спортшысынан жеңіліп, күміс медальға қол жеткізді.
Айта кетейік, Софьяның әлем чемпионатының финалына алғашқы шығуы. Ол 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. 2021 жылы Дубайда өткен әлем чемпионатында да қола медальды қанжығасына байлады. Сонымен қатар, 2022 жылғы Дүниежүзілік ойындардың чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы.







