Софья Берульцева әлем чемпионатында ел қоржынына күміс жүлде салды

2 517

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:ҰОККаратэші Софья Берульцева Каирде өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Плей-офф кезеңінде ол Италиядан келген Клио Ферракутиді жеңіп, ширек финалда Нидерланд өкілі Ингрид Крименсті жарыс жолынан шығарды. Жартылай финалда Англия каратэшісі Рошель Уолтерсті тізе бүктірсе, ақтық сында неміс спортшысынан жеңіліп, күміс медальға қол жеткізді.

Айта кетейік, Софьяның әлем чемпионатының финалына алғашқы шығуы. Ол 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. 2021 жылы Дубайда өткен әлем чемпионатында да қола медальды қанжығасына байлады. Сонымен қатар, 2022 жылғы Дүниежүзілік ойындардың чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.