«Қайрат» футбол клубының ойыншысына шұғыл ота жасалмақ

2 531

Фото: Қайрат ФКАлматылық "Қайрат" клубының жас жартылай қорғаушысы Азамат Тұяқбаев жақын күндері операция жасатады,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

18 жастағы футболшы да соңғы уақытта тыныс алу кезінде қиындықтар туындаған.

Дәрігерлердің қорытындысынан кейін оған мұрын қалқасын түзетуге бағытталған септопластика отасын жасау туралы шешім қабылданды.

Отадан кейін ойыншыға шамамен бір айдай үзіліс қажет. Осыған байланысты Тұяқбаев үшін қазіргі маусым мерзімінен бұрын аяқталмақ.

Бұған дейін ол мұрын бітелгенін жеңілдету үшін арнайы тамшылар қолданған. Алайда бұл әдіс толық көмектеспей, матч кезінде 90 минут бойы жоғары қарқында ойнауына кедергі келтірген.

Айта кетейік, Азамат Тұяқбаев өткен маусымда "Қайраттың" негізгі құрамында алғаш рет алаңға шықты. Қазақстан Премьер-лигасының 24-туры аясында "Жетісуға" қарсы матчта гол соғып, командасының 5:0 ірі есеппен жеңіске жетуіне өз үлесін қосты. Сонымен қатар, ол бірінші лигада 19 матч өткізіп, қарсыластар қақпасына 11 рет дәл соққы жасаған.

Алдағы уақытта алматылық клуб Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде тағы екі кездесу өткізеді. 20 - шы қаңтарда өз алаңында "Брюггені" қабылдап, 29 - шы қаңтарда Лондонда "Арсеналмен" ойнайды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.