Қазақстандық екі балуан грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

2 122

Фото: UWWИспанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екі қола жүлде түсті,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 Айбек Айтбеков грек-рим күресінен 55 кг салмақта сынға түсіп, үшінші орын иеленді. Ол кіші финалда молдовалық Максим Сармановты 10:1 есебімен жеңді. Бұл салмақта алтынды Иран, күмісті АҚШ балуаны иеленсе, тағы бір қола жүлде ресейлік Әлібек Амировке бұйырды. 

87 кг салмақта сынға түскен Темірлан Тұрдақын да әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді. Қола медаль үшін күресте Темірлан армениялық Рубен Геворгянды жеңді. Тағы  бір қола медальді Грузия балуаны иеленген.  Айта кетейік, екі қазақстандық балуан Юсуф Ашрапов пен Ислам Евлоев әлем чемпионатының финалына шықты. Юсуфтың финалдағы қарсыласы – ирандық Ахмадреза Мохсен Нежад. Ал Ислам ақтық сында Түркия өкілі Альперен Бербермен белдеседі.  

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.