Қазақтың қос қызы халықаралық аламанда жеңіске жетті

2 514

Фото: t.me/DRSQazaqstanҚазақтың қос қызы Албаниядағы аламанда топ жарды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Албания астанасы Тиранадағы рейтингілік турнирде Қазақстан әйелдер құрамасының өкілдері Зейнеп Баянова (-50 кг) мен Лаура Алмағанбетова (-55 кг) алтын медаль жеңіп алған.

Әйелдер арасында -50 келі салмақта бақ сынаған Зейнеп Баянова іріктеу кезеңінде АҚШ пен Жапония спортшыларын, жартылай финалда Үндістан балуанын жеңіп, финалға жолдама алған. Шешуші белдесуде үндістандық Приянши Праджапатты 13:2 есебімен сенімді ұтып, турнир жеңімпазы атанған.

Ал 55 келіге дейінгі салмақта Лаура Алмағанбетова алғашқы айналымда Үндістан спортшысынан, кейін Германия өкілі Анастасия Блейвастан басым түскен болатын. Ақтық сында украиналық Лиллия Маланчукпен тартысты белдесу өткізіп, 3:2 есебімен қарсыласынан айласын асырған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.