Қазақстандық спортшы лицензиялық Әлем Кубогында 5-ші орын алды

2 532

Фото: Спортты дамыту дирекциясыБразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан лицензиялық Әлем Кубогының кезеңінде Ұлттық құрама спортшысы Валерий Рахымжан финалға шығып, 5-сатыдан көрінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Валерий 10 метрден тапаншамен нысана көздеудің ақтық сынында 176 ұпай жинап, 8 мергеннің арасында бесінші болды. Өкінішке қарай, ол Олимпиада лицензиясына қол жеткізе алмады. Жүлде Италия, Беларусь және Германия спортшысына бұйырды.


Іріктеуде отандасымыз 584 балл алып, 4-орынмен финалға шыққан.


Айта кетейік, Бразилиядағы Әлем Кубогында 76 мемлекеттен келген 466 спортшы шеберлік байқасып жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.