Хамза Шираз Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасудан неге бас тартты? Себебі белгілі болды

2 507

Фото: sport12.kzАмерикалық бокс шолушысы Дэн Каноббио британдық Хамза Шираздың WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы чемпиондық белбеуінен бас тарту себебін түсіндірді, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, боксшыны Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізу үшін ұсынылған қаржылық шарттар қанағаттандырмаған.

«Шираз ұсынылған гонорарды аз деп санады. Жәнібек өте мықты қарсылас болғандықтан, ол бұл жекпе-жек үшін көбірек ақы талап етті», – деді Каноббио Ариэль Хельванимен сұхбатында.

Айта кетейік, промоутерлік саудада Шираздың командасы жеңіске жеткенімен, кейін британдық боксшы чемпиондық белбеуден бас тартты. Нәтижесінде WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы титул бос қалды.

Енді Жәнібек Әлімханұлы аталған чемпиондық белбеу үшін қаңтар айында датиялық Якоб Банкпен жұдырықтасады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.