"Әңгімең бар ма?": Головкин қазақстандық спортшылармен Парижде жүр

2 129

Скриншот: instagram.com/stories/milad_milkaҚазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин жазғы Олимпиада ойындары өтетін Франция астанасы Парижге барды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Қазақстандық гимнаст Милад Карими Instagram желісіндегі ресми парақшасында Париждегі Олимпиада қалашығында жүрген видеосын жариялады. Оның жанында Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин де бар. 


"Біреу бірдеңе дегісі келе ме? Мұндай қолдаумен кез келгенін жеңеміз", - деді Милад Карими.


 Айта кетейік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Төрт жылдықтың басты додасында 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 80 спортшы қорғайды. Олар спорттың 25 түрінен бақ сынайды. Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері осымен сегізінші мәрте жазғы Олимпиадаға қатыспақ.



 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.