СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

396
Елде спортты дамыту мен спорттағы жетістіктерді ынталандыруға арналған спорт мерекесіне орай, қала әкімінің орынбасары Ақзира Қасымова сала ардагерлері мен жаттықтырушыларды және түрлі додаларда топ жарып жүрген жеңімпаз балаларды қабылдап, мерекемен құттықтады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде қала әкімінің орынбасары спорттың дамуына айтарлықтай үлес қосып келе жатқан ардагер-спортшыларға, жаттықтырушыларға және жеңімпаз балаларға алғысын білдірді.


«Қызылордадан шыққан спортшылардың арасында тек өңіріміздің ғана емес, тұтас ұлт мақтанышы болғандар аз емес. Солардың ізін жалғаушы спортшы жастарымыздың саны артып келеді. Жалынды жас спортшыларымыз түрлі дәрежеде жеңімпаз атанып, аймақ абыройын асқақтатуда. Жеңісті жолды жалғастырып, биіктен көріне беріңіздер», - деді Ақзира Қасымова.


Жиын соңында жас спортшылар мен олардың жаттықтырушылары және сала ардагерлері қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.


 Айта кетейік, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Алмасбек Есмахановта кәсіби спортшылар күні мерекесі күні қарасаңында бірқатар аудан спортшылары мен ардагерлерін қабылдады.

Қабылдауға облыстық, республикалық, әлемдік додаларда еліміздің көк туын желбіретіп жүрген бірқатар аудан спортшылары мен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері қатысты.


Қабылдау барысында аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов аудан спортшыларын кәсіби меркесімен құттықтап, ауданымыздың спорт саласының дамуына ерекше үлес қосып жүрген бірқатар ардагерлер мен спортшыларды аудан әкімі Ахатов Нұржан Сәбитұлының алғыс хаттарымен марапаттады.