15 жастағы қазақ теннисшісі Қытайдағы турнирде топ жарды
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Аңсар Ниетқалиев ақтық сында жергілікті спортшымен кім мықтыны анықтап, қарсыласынан басым түсті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sn.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші финалда сауатты әрі тұрақты ойын өрнегін көрсетіп, қарсыласын 7:5, 6:3 есебімен жеңген. Аңсар Ниетқалиев бұл кездесуде жоғары деңгейдегі дайындық пен сенімді ойын танытып, турнирдің шешуші кезеңінде басымдыққа ие болған. Бұл жеңіс оның халықаралық рейтингтегі жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Аңсар енді Қытайдың Ухань қаласында өтетін J100 санатындағы турнирде бақ сынау мүмкіндігіне ие болып отыр. Жарыс жас теннисшілер үшін маңызды халықаралық дода болып саналады. Спортшының бұл нәтижесі оның болашақтағы кәсіби мансабына оң әсер етпек.







