Жібек Құламбаева Таиландтағы жарыстың ширек финалына өтті

2 525

Фото: ktf.kzҚазақстандық, әлемнің 491-ракеткасы Жібек Құламбаева Таиландтағы ITF турнирінің ширек финалына өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жарыстың 5-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші әуелі рейтингіде 1 093-орындағы словакиялық Лаура Цилекованы 7:5, 6:3 есебімен жарыс жолынан тайдырды. 


Жібек 1/8 финалда рейтингіде 610-сатыдағы Гонконг өкілі Хо Чин Вуды тізе бүктірді – 6:3, 6:1. 


Жібек Құламбаева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 486, доданың 3-ракеткасы, бельгиялық Клара Власселармен шеберлік байқасады.